Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

05.10.2020, 15:00 692

HALYQLINE.KZ Сарыағаштық 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды. Дербісек ауылының тұрғыны Еркінай Есенбаева тұңғышын 18 жасында босанған. Бұған дейін 1 ұл, 2 қызы бар отбасыға тағы Ақжан, Маржан, Бақжан есімді нәрестелер қосылды.

Көпшілік әлеуметтік желіде «бауы берік болсын» деп құттықтап жатыр. 

«Қандай қуаныш. Керемет. Бақытты болып өссін періштелер. Шын жүрегіммен қуанып отырмын», «Қазағымның саны арта берсін», «Сол балаларының қызығын көрсін», – деп жазуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: