Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Союз 2.1б» сәтті ұшырылды

07.02.2020, 17:56 560

«Байқоңыр» ғарыш айлағының «Союз» ЗТ старттық кешеніндегі 31-ші алаңнан OneWeb ғарыш аппараттары «Союз 2.1б» зымыран тасығышымен сәтті ұшырылды.

 – Біз бұл ұшырылымды «Қазақстандық старт. Ғарыш бәріне ортақ» деп атадық және біздің Қазақстанмен, Орталық Азиядағы ірі қаржы хабымен ынтымақтастығымызға арналады, – деп жазды «OneWeb» компаниясының басшысы Адриан Штекель.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожаның пікірінше, бұл ұшырылым қазақстандық компаниялар мен «OneWeb» арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың бастауы болмақ.

Қазақстан «OneWeb» компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін белсенді түрде пысықтауда. Атап айтқанда, біздің құрастыру-сынау кешенінде «OneWeb» спутниктеріне арналған компоненттер жасау, сондай-ақ «OneWeb» топтарына жерде қолдау көрсету үшін біздің ғарыштық байланыс орталығының қуатын пайдалану мәселесі тұр, – деп атап өтті вице-министр.

«One Web» ғарыш аппараттары Жер бетін толық қамту есебінен интернетке кең жолақты қолжетімдікті қамтамасыз етуге арналған. Әр аппараттың салмағы 150 килограмға жуық, екі күн батареясымен жабдықталған, қызмет мерзімі – 5 жыл. 34 ғарыш аппараты «Байқоңыр» ғарыш айлағына 2019 жылғы 17 желтоқсанда (6 бірлік) және 2020 жылғы 17 қаңтарда (28 бірлік) жеткізілгенін естеріңізге салып өтеміз.

Зымыран-тасығыштан бөлінетін бөліктерді қабылдау аймағындағы қауіпсіздікті бақылауды және экологиялық мониторингті «Бәйтерек БК» және «Ғарыш-Экология» ҰЗО» қызметкерлері қамтамасыз етті. Атап айтқанда, сарапшылар қабылдау аймағында, сондай-ақ ауданға іргелес жатқан аумақтардағы ауылдарда ұшырылымға дейін және одан кейін зертханалық зерттеулер үшін сынамалар (атмосфералық ауа, қар, топырақ, ауызсу) алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: