HALYQLINE.KZ Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы лауазымына Қайрақбаев Кенжетай Балғабайұлы тағайындалды.
Қайрақбаев Кенжетай Балғабайұлы 1991 жылғы 10 қарашада Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылында дүниеге келген.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінде тілші болып бастаған. 2016-2017 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінде жауапты хатшының көмекшісі, тілші болып еңбек етті. 2017 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарып келді.
Кенжетай Балғабайұлы – Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі. Аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын жастар» сыйлығымен және облыс әкімінің үздік журналистерге берілетін «Ұшқыр қалам» аталымдарымен марапатталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!