Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнегелі отбасылар марапатталды

12.09.2020, 19:00 559

HALYQLINE.KZ Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков отбасы күні мерекесіне орай ауданымыздағы ұлағатты отбасыларды қабылдады.

Кездесуде аудан басшысы мерейлі мереке отбасылар күнімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің артуына ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Отбасы – қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Отбасының қалыптасуы, қоғамның қалыптасуына тікелей байланысты, – деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.

Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаты, аудандық аналар кеңесінің төрайымы К.Раева сөз алып, әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретінін атап айтып, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі екенін жеткізді.

Кездесудің қорыдындысында ауданымыздағы өнегелі отбасыларға аудан әкімінің құттықтауы табысталып, сый-сияпат жасалды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: