Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдау – байыпты бағдарламалардың бастауы

02.09.2020, 12:00 620

HALYQLINE.KZ Биылғы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа Жолдауының ерекшелігі – мазмұны жағынан күрделілігі мен әр сала бойынша терең маңыздылығында. Әлемді дүр сілкіндірген пандемия қазақ халқының да қабырғасын сыздатып, ел экономикасын әлсіретіп, елді абыржытқан, үлкен үрей тудырған шақта халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тез арада бетбұрыс жасау керек екендігін өзектеді. Оған жетудің басты мақсаты – адал үкімет, адал қоғам, адал адам болуы шарт.

 Денсаулық сақтау саласында бұрыннан проблемаға айналған отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өз елімізде 2021 жылдан өндіріске енгізуді қадап айтқаны қуантарлық жағдай. Ендігі жерде отандық медицина ғылымына көңіл бөлінсе, халқымыздың сапалы медицинаға қол жеткізу арманы орындалар еді. Аймақтарда 13 заманауй жұқпалы аурулар ауруханасының жыл соңына дейін берілетіндігі және алдағы уақыттарда көп салалы ауруханалар бой көтеріп, халыққа сапалы, қолжетімді көмек беретіндігі зор ықылас тудырды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жалақысы орташа жалақы көлемінен 2 есе жоғарлайтындығы және алдағы уақыттарда кезең-кезеңімен көбейетіндігі жөнінде айтқаны сала қызметкерлерін бір қуантты. Сондай -ақ, Президент Жолдауындағы жағымды жаңалықтардың бірі – «Аңсаған сәби» бағдарламасы. Бұл бағдарлама көптеген әйел затының «ана» атануға үмітін оятып, қаншама әкенің баласын бауырына алуына мүмкіндік береді. ЭКО жасайтын квота санының 7 есеге өсуі үкімет тарапынан жасалған нағыз қамқорлық деуге болады.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы барлық елдімекендер ФАО және отбасылық амбулаториямен қамтылуы қажеттігін айтып, әр өңірдің ілгері басуына ықпал ететін мәселелерді көтерді.

 Өз Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – ортақ мекеніміз. Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі», деп Қазақстанның әр азаматына сенім білдірді.

Қайрат Тәңірбергенұлы,

Облыстық тері-венерология диспансерінің бас дәрігері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: