Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқ: «Пайызсыз несие алып беремін»

21.08.2020, 17:04 415

Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары өзінің  жерлестерінен «көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін», «пайызсыз несие алып беремін», «жұмысқа орналастырып беремін», «үйдің құжаттарын рәсімдеп беремін» деген түрлі желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы 2 200 000 теңге көлемінде ақшаларын алған.  Алаяқтың арбауына облыстың 3 тұрғыны түсіп үлгерген. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындардан түскен арыздар негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 47 жастағы азаматша  құрықталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады. 

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: