Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гендерлік саясаттың маңызы

03.02.2020, 9:31 1762

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал, соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.

Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп мәселелерді көтеріп жүр. Ал гендер дегеніміз не? Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын,олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдердің жиынтығы. «GENDER» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс еркек, әйел дегенді білдіреді. Ал, гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат істері жөніндегі кеңес жұмыс істеді. Кейін ол Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия болып қайта құрылды.

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады. Гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін, оны бір жақты таяз ұғынушылықты жою үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін жастарға арнайы және жүйелі ұйымдастырылған гендерлік білім беру қажеттіліг туындап отыр.Ол әлемнің көптеген елдерінде зертеліп,нақты іс-шаралар арқылы өз деңгейінде қолға алынуда. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 жарлығы бойынша бекітілген. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия-2050) сәйкес еліміз Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада көрініс тапқан жеделдетіп жаңғырту мен индустрияландыруға бағыт алды. Қазақстан бес стратегиялық бағытты іске асыру үшін 15-50 жылдық «мүмкіндіктер терезесін» пайдалануға ниетті, олар: адами капиталды дамыту, институционалдық ортаны жетілдіру, ғылымды қажет ететін экономиканы құру, заманауи инфрақұрылымдарды қалыптастыру және халықаралық интеграцияны тереңдету. 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын (бұдан әрі – Гендерлік стратегия) қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді. Әйел міндеті – шағын мемлекет құру, еркек міндеті – үлкен мемлекет құру.

Руслан ӘЛІБЕКОВ,

Қармақшы аудандық сотының бас-маманы,

сот мәжілісінің хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: