Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 5 әскери қызметкер қаза тапты

25.11.2026, 11:25 67

Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 5 әскери қызметкер қаза тапты. Қайғылы оқиға Эскишехир провинциясында болған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, AS-532 үлгісіндегі әскери тікұшақ оқу-жаттығу мақсатында Эскишехир қаласындағы әуе базасынан ұшып шыққан. Алайда көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Оқиға орнына іздестіру-құтқару қызметтері мен төтенше жағдайлар мамандары жіберілген. Құтқарушылар тікұшақтың сынықтарын тауып, кейін министрлік борттағы бес әскери қызметкердің де қаза болғанын растады.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Әзірге Түркияның Қорғаныс министрлігі оқиғаның неден болғаны туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: