Бүгін Шиелі ауданында бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Марафон Шиелі – 2026» жаппай жүгіру жарысы өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Спорттық іс-шараға аудан тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерін қосқанда 350-ге жуық адам қатысты.
Марафонның ашылу салтанатында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысушыларға ақжарма тілегін арнап, спорттың адам өміріндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде Шиелі ауданында спорттың 28 түрімен 38 мыңға жуық тұрғын тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысады.

Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құраған марафон А.Ясауи көшесіндегі аспалы көпірден басталып, И.Құтпанұлы атындағы орталық стадионда мәресіне жетті. Мәреге жеткен жүйріктер арасынан үздіктер де анықталды.
Ерлер арасында (жастар): 1-орын – Молдақаев Бағдәулет, 2-орын – Ахметханұлы Нұрасыл, 3-орын – Бағдат Сырым.
Ерлер арасында (35 жастан жоғары): 1-орын – Сәрсенов Ақжүрек, 2-орын – Омаров Нұрлыхан, 3-орын – Сәрсенов Ақниет.
Қыздар арасында (жастар): 1-орын – Оспанова Інкар, 2-орын – Ибашқызы Ақтолқын, 3-орын – Айдархан Асылзада.
Әйелдер арасында (35 жастан жоғары): 1-орын – Маханова Нұргүл, 2-орын – Маликова Самал, 3-орын – Утарбаева Гауһар.
Марафон соңында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, оларға арнайы сыйлықтарды табыстады. Сондай-ақ қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, спорттық бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!