Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның 10 өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін

13.11.2026, 10:15 20

13 қарашада еліміздің бірқатар облысында ауа райы бұзылып, республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы қиындауы мүмкін, деп хабарлайды Halyqline.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады. Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Соның салдарынан тасжолдардың жекелеген бөліктерінде көктайғақ пайда болып, көріну қашықтығы төмендеуі ықтимал.

Ұлттық компанияның мәліметінше, жауын-шашын Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде болжанып отыр.

— Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, – деп ескертті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

«Қазгидромет» мамандары да 13 қарашаға еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, бірқатар облыста тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Атап айтқанда, Жетісу облысындағы Алакөл маңында желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ал Қызылорда облысының солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Мұндай жағдайда жолдағы көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Жолға шығуды жоспарлаған азаматтар республикалық автожолдардың қазіргі жағдайын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы біле алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: