Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп мұрасы жаңғырып, ұстаз есімі ұлықталды

09.11.2026, 16:05 40

HALYQLINE.KZ

Арал ауданындағы №82 орта мектебінде мұражай жаңартылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің кабинеті ашылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Мектеп мұражайының жаңаруына мектеп түлектері демеушілік көрсетіп, білім ордасының тарихын жаңғыртуға үлес қосты. Ал қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті 1964-1970 жылдары мектеп директоры болған, ұлағатты ұстаз Елеусіз Баймахановтың туғанына 100 жыл толуына орай ашылды. Кабинеттің жабдықталуына ұстаздың ұлы Әбілқасым Баймаханов пен отбасы демеушілік жасады.

Салтанатты іс-шара барысында ардагер ұстаздар мен қонақтар Елеусіз Баймахановтың өнегелі өмірі, ұстаздық жолы мен мектептің дамуына қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлсім Алмамбетова «Қалдырған ізің мәңгілік» тақырыбында танымдық сағат өткізіп, ұстаздың өмір жолын жас ұрпаққа таныстырды.

Жаңарған мұражай мен жаңа кабинет – өткенге құрметтің, білімге жанашырлықтың және ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: