Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тіл – ұлттың жаны

08.11.2026, 21:50 26

HALYQLINE.KZ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні. Әр ұлтты басқа ұлттан ерекшелеп тұратын – оның тілі. Қазақ үшін қазақ тілі – ата-бабадан қалған ең қымбат мұра.

Тіл тек сөйлесу құралы емес. Ол – тарих, мәдениет, тәрбие. Тіл арқылы біз ертегі, мақал-мәтел, күй, жырды танимыз. «Сөз – адамның айнасы» дегендей, адамның білімі мен мәдениеті тілінен көрінеді.

Бүгінде қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бірақ кейбір жастар ана тілінде таза сөйлемейді, орысша, ағылшынша сөздерді араластырады. Бұл – тілге деген құрметсіздік. Біз үш тілді білуіміз керек, бірақ жүрегімізде бірінші орында ана тілі тұруы тиіс. Тілді дамыту үшін кітап оқып, қазақша контент көру керек.

Тіл тірі ағза сияқты. Оны қолданбасаң – өледі. Сондықтан ана тілімізді аялап, дамытып, келесі ұрпаққа аманат ету – әр қазақтың парызы.

Аружан ЕДИРЕКОВА,

№85 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы,

Жетекшісі: Жакипова Назира Оразханқызы.

Қармақшы ауданы,

Төретам кенті

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: