Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадағы «Кимчи» кафесінде жарылыс: екі қызметкер ауыр халде

05.11.2026, 22:06 71

Қызылорда қаласындағы «Кимчи» кафесінде газ-ауа қоспасы жарылып, екі қызметкер ауыр күйік алды. Олардың бірінің денесін 70 пайыз, екіншісінің денесін 90 пайыз күйік шалған, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Оқиға 5 қараша күні сағат 15:55 шамасында Абай даңғылында орналасқан «Кимчи» кафесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кәуап дайындайтын орында тұрған сыйымдылығы 27 литрлік газ баллонынан газ жылыстап, соның салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған. Артынша өрт шығып, дәмхананың 25 шаршы метр аумағын шарпыған.

Жарылыс салдарынан дәмхананың екі қызметкері зардап шекті. 1994 жылы туған қызметкердің денесін 70 пайыз, ал 2006 жылы туған қызметкердің денесін 90 пайыз күйік шалған. Екеуі де медициналық мекемеге жеткізілген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің жағдайы ауыр.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіруге кіріскен. Құтқарушылар ғимарат ішіндегі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, қайталама жарылыс қаупінің алдын алған.

Өрт сағат 16:18-де толық сөндірілді. Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталуда.

Фото: ЖИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: