«25 қазан — Ұлттық мереке Республика күнінде» аймағымызда егiз дүниеге келдi.
Арал ауданының тумасы Карима Сәрсенбаева еліміздің басты мерекесі күні сағат 01:00-де салмағы 2407, 2068-дi құрайтын егіз қызды дүниеге әкелді.
«Қыздарымның Республика күні дүниеге келгеніне ерекше қуанып отырмын. Бұл күн біздің отбасымыз үшін ұмытылмас мерекеге айналды. Екі қызымның да аман-есен өмірге келгеніне шүкіршілік етемін. Енді олар осы айтулы күнмен бірге туған күндерін атап өтетін болады. Қыздарымның дені сау болып, еліміздің мақтанышына айналатын азаматша болып өскенін қалаймын», – деді жас ана.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!