Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылықтар грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жерлестерін күтіп алды

16.10.2026, 1:11 28

Қазалы жұртшылығы грек-рим күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, ел мерейін үстем еткен жерлесі Самат Оспан Қобыландыұлын салтанатты түрде күтіп алды.

Иорданияның Амман қаласында өткен дүбірлі додада 62 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз қарсыластарынан басым түсіп, Әлем чемпионы атанған болатын.

Чемпионды күтіп алу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысып, аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың арнайы құттықтауын жеткізді.

Самат Қобыландыұлының халықаралық аренадағы жеңісі Қазалы ауданы үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтіп, спортшыға зор денсаулық, отбасына амандық және алдағы жарыстарда толағай табыс тіледі.

Айта кетейік, Самат Қобыландыұлы №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде грек-рим күресінен жаттықтырушы болып еңбек етеді. Бұған дейін де Әлем чемпионаттарының үш мәрте жүлдегері атанған тәжірибелі спортшы бұл жолы чемпиондық тұғырдан көрінді.

Жерлесіміздің жарқын жеңісі – табанды еңбек пен тынымсыз ізденістің жемісі, жас спортшыларға үлгі боларлық үлкен жетістік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: