Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы әкімінің Қала күнімен құттықтауы

09.10.2026, 10:40 57

HALYQLINE.KZ

Сыр елінің бас шаһары – сүйікті Қызылордамыздың тұрғындарын, барша жерлестерімді Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қызылорда – тарихы терең, берекесі мен бірлігі жарасқан, әрқайсымыз үшін орны ерекше қастерлі шаһар. Оның өсіп-өркендеуі, жаңарып, көркеюі – барша Сыр жұртшылығының ортақ қуанышы.

Бүгінде Мемлекет басшымыз бен Үкіметтің ерекше қолдауымен Қызылорда ауқымды жаңғыру кезеңінен өтуде. Ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда.

Заманауи әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, саябақтар мен жаңа инфрақұрылымдық жобалар қаламыздың келбетін өзгертіп, даму мүмкіндіктерін кеңейтуде.

Қаламыздың бүгінгі жетістігі – туған жеріне адал қызмет етіп, оның өркендеуіне үлес қосып жүрген барша жерлестеріміздің ортақ еңбегінің нәтижесі.

Қызылорданың келешегі кемел, мерейі үстем болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке, туған қаламызға тұрақты даму мен жаңа жетістіктер тілеймін!

Мұрат  ЕРГЕШБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: