Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазсушар» филиалының директоры тағайындалды

19.08.2026, 10:30 58

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Су ресурстары және ирригация министрлігінің келісімімен, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бұйрығымен «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалған Мырзаев Ибадулла Абдуллаұлы таныстырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі жаңа басшыға су шаруашылығы нысандарын жаңғырту және цифрландырудың кешенді жоспарына енгізілген шараларды уақытылы орындауды, шаруашылықтарға су жеткізіп беру қызметін сапалы ұйымдастыруды және қыс-көктем мезгіліндегі су тасқынының алдын алуды тапсырды.

Ибадулла Абдуллаұлы 1976 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономика және менеджмент», Тараз мемлекеттік университетінде «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған.

2003-2007 жылдары «Оңтүстіксушар» кәсіпорнында экономист, бас экономист болған.

2007-2013 жылдары Су ресурстары комитетінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Кейінгі он жыл көлемінде «Қазсушар» мекемесінің Астана қаласындағы орталық аппаратында, Ақмола, Қарағанды облыстарының өңірлік филиалдарында басшылық қызметте болған.

2024 жылдан осы күнге дейін республикалық «Қазсушар» мекемесі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: