Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Еңлік-Кебек»: махаббат пен дәстүр қақтығысы

17.08.2026, 18:25 89

HALYQLINE.KZ

Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – қазақ драматургиясындағы махаббат, тағдыр, салт-дәстүр және ел бірлігі мәселелерін терең қозғайтын тағылымды шығарма. Қойылымның ерекшелігі – сахналық шешімде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанының да көрініс табуы.

Спектакльде абыздың айтқан болжамы, Кебектің тағдыры, екі рулы ел арасындағы дау мен алауыздық, билердің төрелігі арқылы сол дәуірдің қоғамдық шындығы бейнеленеді. Бір-бірін шын сүйген Еңлік пен Кебектің тағдыры арқылы жеке адамның таңдауы мен елдік салттың, махаббат пен қатал дәстүрдің арақатынасы ашылады.

Қойылымдағы Еңлік пен Кебектің қасіреті – екі жастың ғана трагедиясы емес, руаралық тартыс пен бітіспес кектің, ескірген түсініктің адам тағдырына тигізген зардабы. Еңліктің шарасыздығы, Кебектің тағдырға мойынсұнуы, билер мен руластарының шешімі көрерменді «Бұл қасіретке кім кінәлі?» деген сауалға жетелейді.

Сезім мен салт, адам мен қоғам, ар мен жауапкершілік тартысын арқау еткен спектакль көрерменге өткен тарихқа үңіліп қана қоймай, бүгінгі күн үшін де маңызды ой түюге мүмкіндік береді. «Еңлік-Кебек» – махаббаттың мәңгілік құндылығын және адам тағдырына жауапкершіліктің салмағын көрсететін әсерлі сахналық туынды.

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: