Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спорт саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 16:20 68

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан Спорт күніне орай ауданның спорт саласының ардагерлері мен қызметкерлерін және жоғары нәтижелер көрсеткен спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызмет хабарлады.

Кездесуде аудан басшысы спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктерге тоқталды.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауданымызда спорт саласының өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Осы жылдар ішінде талай талантты спортшы тәрбиеленіп, ауданымыздың, облысымыздың және еліміздің намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда абыроймен қорғап келеді.

Жыл басынан бері аудан спортшылары Әлем, Азия және Қазақстан Республикасы чемпионаттарында 51 алтын, 27 күміс және 11 қола медаль иеленді.

Бұл – спортшыларымыздың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз – ауданымыздың ортақ мақтанышы, — деді аудан әкімі.

Кездесу барысында ауданның спорт саласын дамытуға елеулі үлес қосқан сала ардагерлері, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері және олардың жаттықтырушылары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген сала ардагерлері аудан басшылығына алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: