Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы медицина — халық сенімінің басты кепілі

20.07.2026, 12:30 32

Халықтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі, қауіпсіз әрі тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі — денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы мемлекеттік бақылау тұрғындардың құқықтарын қорғауға, медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға негіз болады. Осы мақсатта өңірде медициналық және фармацевтикалық қызметке бақылау тұрақты жүргізіліп келеді. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар мен жартыжылдық қорытындылар Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жанерке Жақсылық баяндады.

— Бүгінде Қызылорда облысында 975 медициналық ұйым мен 536 фармацевтикалық нысан халыққа қызмет көрсетуде. Департамент тарапынан медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лицензиялау, мемлекеттік бақылау, профилактикалық іс-шаралар жүргізу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 4 290 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, медициналық және фармацевтикалық қызмет саласына қатысты 340 арыз-шағым қаралды. Тексеру нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіруге бағытталған жұмыстар жалғасуда,- деді Жанерке Алмасқызы.

Спикердің айтуынша, медициналық қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, заң бұзушылықтардың алдын алуға ерекше басымдық берілуде. Осы жылдың алғашқы алты айында 81 медициналық және фармацевтикалық субъектіге профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 79 ұсыным берілген. Оның 34-і толық орындалып, талаптарды орындамаған 43 субъект келесі кезеңдегі бақылау тізіміне енгізілген.

Сонымен қатар, департамент тарапынан халықты ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру материалдары тұрақты жарияланып, медицина және фармацевтика ұйымдарының өкілдерімен кездесулер, семинарлар мен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

бір немесе бірнеше адам, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін. бір немесе бірнеше адам, жаңалықтар бөлімі және «nИKAUИRЛAP bl3Μ! Kbl3blЛOPAИHOHOЙ O6ЛACTИ K SERVICE SERVICEOFTHE OF THE KYZYLORDA REGION KOmmn Kbl PErИOHAЛbHAR CЛyЖ6A KOMyHИKAUИЙ Kbl3blлopAиHcKoй O6ЛACTИ KYZ ΠΟΝ THE AGION Kbl3blлopAA O6ЛblCblHblH ΘΗΙΡΛΙΚ KOMMyHИKAUИRЛAP Kbl3ΜET QYZYLORDAG DZMLORDAB QYZYLORDA く ЖAKcblлblK KAKC HblK ЖAHEPKE A.ЛMACKbl3bl ινO» мәтіні кескіні болуы мүмкін. бір немесе бірнеше адам, жаңалықтар бөлімі және «O6ЛblCblHblH ΘΗΙΡΛΙΚ KOMMyHИKAUИRЛAP Kbl3MET! PErИOHAЛbHAR CЛyЖ6A KOMMyHИKAUИЙ Kbl3blлopAиHcKOЙ O6ЛACTИ REGIONAL COMMUNICATION SERVICE OF THE KYZYLORDA REGION Kbl3blлopAA o6ЛblCblHblH ΘΗΙΡΛΙΚ KOMMyHИKAUИRЛAP Kbl3ΜET O6ЛblCblHblH OHIPAIK KOMMyHИKAUИRЛAP Kbl3MET! CЛy perиoHaлbHaR CЛyЖ6A KOMyHИKAUИЙ Kbl3blлopAиHcKoй O6ЛACTИ REGIONAL COMMUNICATION SERVICE OF KYZYLORDA REGION IOPAA IH ΘΗΙΡΛΙΚ KAUИRЛAP 3METI તો Kbl3blлopAa O6ЛblcblHblH ΘΗΙ KOMMyHИKAUИR Kbl3MET PerиoHaлbHaR CЛyЖ6A KOMMyHИKAUИИ Kbl3blлopAиHcKoй O6ЛACTИ REGIONA COMMUNIC/ SERVICE OF KYZYLORDA RI Kbl3blлopAA 6ЛblcblHblH ΘΗΙΡΛΙΚ MMyHИKAUИRЛAP Kbl3MET! CЛyЖ Kbl иTAЙ KA жAHKbl3bl Фл QYZYLORDAS 冰AK ЖaKCblЛblK blлblK AHEPE ホA日E AHEPKE AIMACKASH» мәтіні кескіні болуы мүмкін

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: