Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ана сүтінің маңыздылығы

07.08.2026, 11:45 51

HALYQLINE.KZ

«1-7 тамыз – Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру» апталығы аясында Қызылордадағы №3 қалалық емханада «Біз тек ана сүтімен қоректенеміз» тақырыбында аналар арасында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл турады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Іс-шараның мақсаты – ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығын насихаттау, жас аналардың білімін арттыру, нәрестелердің алғашқы 6 айда тек ана сүтімен қоректенуінің артықшылықтарын түсіндіру, ана мен бала денсаулығын нығайту және қоғамда табиғи емізуді қолдау мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар ана сүтіне қатысты «Дұрыс па, бұрыс па?» форматындағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынаумен қатар, жүкті және емізулі аналардың дұрыс тамақтануы бойынша тамақтану пирамидасымен танысып, оны дұрыс орналастыру тапсырмасын орындады.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығына арналған бейнероликті тамашалады. Лактация кезеңінде пайдалы тағамдарды анықтау бойынша танымдық тапсырмаға қатысты нәрестені дұрыс емізу техникасы көрсетіліп, тәжірибелік кеңестер берілді.

Iс-шара қорытындысында сұрақ-жауап алаңында мамандардан қажетті ақпарат алып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: