Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр диқандары су үнемдеп, мол егін алудың ізіне түскен

28.07.2026, 19:30 32

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов 2026 жылдың І жартыжылдығында шаһарда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Биыл Қызылорда қаласына қарасты аумақтарда жалпы 7 819 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Егіс алқаптарында жаңа жоңышқа, қант құмайы, арпа, жаздық бидай, жүгері, судан шөбі егілсе, 2 450 гектарға көкөніс пен бақша дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл саналатын күріш 2 681 гектар алқапқа себілді.

«Ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі драйвері. Сондықтан бұл салаға ерекше екпін беріледі. Вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу шаралары жүйелі жүргізілуде. Шаруашылықтарға аяқ су жеткілікті деңгейде беріліп жатыр. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында Қызылжарма каналының 9 шақырымдық науасын салу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Бұл жоба су ысырабының алдын алып, егіншіліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов.

Бүгінде Қызылжарма каналын науалау жобасы өңірдегі су үнемдеу технологияларын енгізудің маңызды бастамаларының бірі саналады. Ұзындығы 9 шақырым болатын құрылыс аяқталғаннан кейін су шығыны азайып, шаруашылықтарды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етуге және су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: