Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

24.07.2026, 10:50 56

HALYQLINE.KZ

Қазіргі уақытта Шиелі ауданы орталығындағы Ж.Таспанбетова, А.Құнанбаев, С.Кәрімбаев және Б.Тоқбаулин көшелерінде күрделі жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба аясында жол жабыны жаңартылып, талапқа сай асфальт төселуде. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етіп, елді мекеннің жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту. Жобаның мердігер мекемесі — «Әлем Транс Жол» ЖШС. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды, барлық жұмысты бекітілген жоба талаптарына және белгіленген мерзімге сәйкес сапалы аяқтауды тапсырған болатын. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау, уақытша жол белгілерін талапқа сай орналастыру және еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өткен болатын.

Жол инфрақұрылымын жаңғырту – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, көлік қатынасының қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: