Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бәйтерек» жобасы – ғарыш саласының жаңа мүмкіндігі

21.07.2026, 18:10 49

HALYQLINE.KZ

Ғарышты игеру тарихында ерекше орны бар Байқоңыр ғарыш айлағы бүгінде жаңа даму кезеңіне қадам басты. Әлемдік ғарыш индустриясының маңызды нысаны саналатын кешенде жүзеге асырылып жатқан «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені жобасы – Қазақстанның ұлттық ғарыш саласын дамытуға бағытталған стратегиялық бастама. Жоба заманауи технологияларды енгізуге, Байқоңырдың әлеуетін арттыруға және еліміздің ғарыш саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, осы жылдың 30 сәуірінде жаңа «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы сәтті өтті. Бұл – Қазақстанның ұлттық ғарыш саласы үшін ғана емес, Байқоңыр ғарыш айлағының даму тарихындағы маңызды белес.

– «Бәйтерек» жобасы – еліміздің ұлттық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды тарихи оқиға. Аталған жоба Байқоңыр ғарыш кешенінің дамуына тың серпін, оның әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы үкіметаралық келісім аясында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы келісімге сәйкес, қазақстандық тарап жерүсті технологиялық инфрақұрылымды құру және жаңғырту жұмыстарын атқарса, ресейлік тарап жаңа «Союз-5/Сұңқар» зымырантасығышын әзірлеуге жауапты. «Бәйтерек» жобасының толық іске асырылуы өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвестициялық тартымдылықтың артуына және Қазақстанның ғарыш саласындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді, — деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта жоба аясында 300-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, жоғары білікті инженерлік және техникалық кадрларды даярлау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: