Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы тағайындалды

04.07.2026, 8:06 42

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен ауданда орын алған кадрлық өзгерістерге қатысты актив отырысы өтті.

Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде, аудан әкімінің өкімімен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы тағайындалды.

Ерлан Мырзалыұлы, 1988 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Филология» және Болашақ университетін «Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «Жанрос-Дриллинг» ЖШС-де аудармашы болып бастаған. 2011-2013 жылдары «Салини Коструттори С.п.а.» акционерлік қоғамында аудармашы; 2014-2016 жылдары «Сыр Медиа» ЖШС-де сарапшы; 2016-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қазалы ауданы әкімі аппаратында әдіскер, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, 2020-2021 жылдары «Болашақ Атырау» ЖШС-нің аға-инженері; 2021-2022 жылдары Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де бөлім басшысы, мекеменің директоры ретінде жауапты қызметтер атқарған.

2022-2023 жылдары Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының орынбасары, 2023-2026 жылдары Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы, 2026 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тілдер, ономастика және этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Аудан әкімі Ерлан Мырзалыұлына қызметтік міндеттеріне қатысты қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүргізу, жастармен, қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жандандыру, әлеуметтік желілер мен қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, алдағы саяси науқандарды жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жаңадан тағайындалған бөлім басшысының қызметтіне сәттілік тілеп, берілген тапсырмалардан нәтиже шығаруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: