Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметшілер тарихи орындарды аралады

22.06.2026, 0:33 31

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында әдеп жөніндегі уәкіл Рустем Рабилулы Ибрагимнің бастамасымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілер көне Сығанақ қалашығы, Хорасан Ата, Төлегетай кесенесі және Ақтас мешітін аралады.

Танымдық сапар барысында ауданымызға белгілі тарихшы — өлкетанушы Алимжан Ержанов қатысушыларға ел тарихында ерекше орын алатын киелі нысандармен таныстырып, олардың тарихи маңызы жөнінде мол мағлұмат алды. Сондай-ақ тарихи ескерткіштердің сақталуы мен келер ұрпаққа аманат ретінде жеткізілуінің маңыздылығы туралы пікір алмасты.


Мемлекеттік қызметшілер мұндай шаралардың жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік сезімді нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.


Тарихи орындарға ұйымдастырылған бұл сапар қатысушылардың рухани танымын кеңейтіп, ұлттық тарих пен мәдени мұраға деген құрметін арттырды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: