Танымал бапкер Владимир Гулямхайдаров 80 жасқа қараған шағында өмірден озды, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол — «Қайрат», «Екібастұз», «Тараз», «Мегаспорт», «Локомотив» және «Сұңқар» командаларының бұрынғы бапкері.
«Владимир Алишоевич футболшы ретінде мәскеулік «Торпедо» сапында танымал болған. Сондай-ақ, КСРО-ның жастар және ұлттық құрамаларында матчтар өткізген. Владимир Алишоевич бапкерлік мансабын өз отаны — Тәжікстанда бастаған. 1996 жылы Қазақстанға қоныс аударып, «Екібастұз» клубының тізгінін ұстады, кейін көп жыл бойы отандық ұжымдарда бас бапкер және бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды», — деп жазылған хабарламада.
Владимир Алишоевич 1999 және 2001 жылдары Қазақстан кубогының иегері атанса, 2004 жылы алматылық «Қайраттың» бапкерлер штабында жұмыс істеп, премьер-лигада чемпиондық атақты жеңіп алды.
Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Фото: «Сұңқар» ФК
Ж. Қадыржанова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!