Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент еңбек заңнамасын жетілдіру туралы заңға қол қойды

04.06.2026, 11:25 85

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек заңнамасын жетілдіруге қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды halyqline.kz.

Құжат “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” деп аталады. Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұл құжат еңбек қатынастары, өндірістегі қауіпсіздік, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы жауапкершілік мәселелерін реттеуге бағытталған. Бұған дейін Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану деректерін анықтау мәселесі қаралған еді.

Соңғы жылдары өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі қоғам назарынан түспей келеді. Жұмысшылардың құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайы, жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек нарығындағы заң талаптарын сақтау мәселесі жиі көтеріліп жүр. Қол қойылған заң осы бағыттағы нормаларды нақтылауға арналған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: