Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық түлектерге аттестат қашан табысталады

02.06.2026, 9:40 63

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда 11-сынып түлектеріне аттестатты салтанатты табыстау рәсімі 17-18 маусым күндеріне жоспарланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл елімізде 3,9 млн оқушы білім алды. Оның ішінде 343 мың оқушы 9-сыныпты, 215 мың оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Сонымен қатар «Алтын белгіге» 13 175 оқушы үміткер болса, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны 11-сынып бойынша – 18 555, 9-сынып бойынша – 31 181 оқушы. Биылғы оқу жылында 763 колледжде 168 мың студент оқуын аяқтайды.

Сондай-ақ, 29 мамыр мен 15 маусым аралығында 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды аттестаттауы өтеді

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: