Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ер  мен  әйелдің  айырмашылығы…

28.05.2026, 8:55 57

HALYQLINE.KZ

Әйел адам ұзақ уақыт кездеспесе, суи бастайды.

Ер адам ұзақ уақыт кездеспесе, сағына бастайды.

Әйел адам бірте-бірте бауыр басып, ғашық болады.

Ер адам көрген сәттен-ақ бірден ғашық болады.

Әйел адам мазасызданғанда ішін босатып сөйлейді.

Ер адам мазасызданғанда үндемей, тұйықталып қалады.

Әйел адам ұмыту керек нәрсені есінде сақтайды.

Ер адам есінде сақтау керек нәрсені ұмытып кетеді.

Әйел адам: «Мені түсінші…»

Ер адам: «Мені болмысыммен қабылдашы…»

Әйел адам жалғыз әрі қайталанбас болуды қалайды.

Ер адам әрқашан бірінші орында болуды қалайды.

Әйел адамның жаны тынышталса, жақындай түседі.

Ер адамның жаны тынышталса, алыстай бастайды.

Әйел адам өзін қаншалықты жақсы көретінін білгісі келеді.

Ер адам өзіне қаншалықты сенетінін білгісі келеді.

Әйел адам: «Сен маған ұнамайсың» деп өтірік айтады.

Ер адам: «Сен маған ұнайсың» деп өтірік айтады.

Әйел адам – баланың кейпін танытқан үлкен адам.

Ер адам – үлкен адамның кейпін танытқан бала.

Бұл дүниеде ер мен әйел деп аталатын екі-ақ жыныс бар. Тым болмаса, қарсы жыныстың осы айырмашылықтарын біліп жүрейік дейді…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: