ФОТОЭТЮД
Өзен жағалағанның өзегі талмайды. Сол сияқты әлемнің назарын аударған Арал теңізінің тағдыры да адам тағдырымен өзектес. Соңғы жылдары Кіші Аралды сақтап қалу үшін әлемдік, отандық тараптан барынша қам-қарекет жасалып жатыр. Нәтижесінде жағалау жұрты нәпақасын осы теңізден тауып отыр.

Осы Кіші Аралдың «Шағалалы» жағалауын Бөген ауылындағы №20 орта мектептің мұғалімі Мейрам Әлішев дрон арқылы төбеден таспалаған екен. Сәтті шыққан кадрды оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.




Суреттерді түсірген
Мейрам ӘЛІШЕВ,
Арал ауданы,
Бөген ауылы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!