Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шектен тыс көп ойланып, қиналып жүрсің бе?..

08.05.2026, 6:00 70

HALYQLINE.KZ

Шектен тыс көп ойланып, қиналып жүрсің бе?..

Олай болса, ойдың емес, сезімнің соңынан ер…

Түрлі ой сені үнемі мазалап, тыным бермей жүр ме?..

Мына қоғамда ойсыз өмір сүру мүмкін емес, бірақ ең бастысы ойлану керек кезде ойланып, қажет емес кезде ойды тоқтатып үйрену…

Өкініштісі сол, ойлар саған мұндай мүмкіндік бере қоймайды…

Таңнан кешке дейін, күндіз-түні басыңды қатырып, мазаңды алады. Ойламайын десең, одан сайын ойға батасың…

Көп ойланған сайын, соғұрлым көп қиналасың…

Балалардың бақытты болатыны – олардың басында артық ойдың жоқтығында…

Олай болса, сені билеп алған осы ойлардан қалай құтылуға болады?

Ойдың емес, сезімнің жетегіне ер:

Жүргенде: Тек қадамдарыңды сезін. Басқа ештеңе ойлама…

Тамақтанғанда: Тек тамақтың дәмін сезін. Басқа ештеңені уайымдама…

Көлікте: Автобуста кетіп бара жатып, қажетсіз жарнамаларды оқығанша, мұрныңнан шығып жатқан тынысыңды сезін…

Әуен тыңдағанда: Оның әуезіне еріп, балқы…

Табиғатта: Бетіңнен өпкен самал желді сезін. Аспанда қалықтаған бұлттарға қарап тамсан…

Саған өмір сыйлап тұрған әр күніңе алғыс айт…

Ойларыңды азықтандырма…

Тек сезімдеріңе ер…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: