Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза Қазақстан»: Қазалыда бүгін 12,5 тонна қоқыс шығарылды

02.05.2026, 18:50 43

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Таңғы сағат 09:00-ден бастап аудан аумағындағы барлық елді мекенде сенбілік жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен аяқсу арықтары тазартылды. Сондай-ақ, Әйтеке би кентінің шет аймақтарындағы бейберекет жатқан қоқыстар арнайы полигондарға шығарылды.

Тазалық акциясына аудан бойынша 140 мекемеден 5900 адам мен 22 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12,5 тонна қоқыс шығарылды. Әйтеке би кентінде 3000-ға жуық тұрғын белсенділік танытса, ауылдық округтерден де тұрғындар сенбілікке атсалысты.

Сенбілік жұмыстарының барысын аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов аралап көріп, жауаптыларға тазалық жұмыстары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: