Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанада қар жауып, күн күрт суытты

28.04.2026, 17:10 63

Сәуір айының соңында Ресей астанасы Мәскеуде қар жауып, күн күрт суытты.

Синоптиктердің мәліметінше, мегаполисте қар қалыңдығы 12 сантиметрге дейін жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап, деп жазады halyqline.kz тілшісі.

27 сәуір күні мұндай көлемде қар түсуі қала тарихында алғаш рет тіркеліп отыр.

Мамандардың айтуынша, ауа райының күрт суытуына Балтық циклондары себеп болған. Осыған байланысты қалада «қызғылт сары» деңгейдегі дауылды ескерту жарияланды.

Алдағы күндері боран күшейіп, көктайғақ болып және найзағай ойнауы мүмкін.

Қалың қардан қала көшелерінде көлік қозғалысы қиындап, кей жерлерде ағаштар құлаған. Сонымен қатар, Мәскеу облысының бірқатар аудандары жарықсыз қалған. Қауіпсіздік мақсатында қаладағы көптеген саябақ жабылып, электросамокаттар мен велосипедтерді жалға беру уақытша тоқтатылды.

Фото: mail.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: