Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетілді

25.04.2026, 13:15 71

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданындағы «Руханият» орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға аудан ардагерлері, мекеме басшылары, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Кездесу барысында аудан басшысы 40 жыл бұрын болған апаттың себеп-салдарына кеңінен тоқталып, оның адамзат пен қоршаған ортаға тигізген ауыр зардаптарын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз Чернобыль апатының зардаптарын жоюға атсалысқан азаматтардың ерлігін әрдайым жоғары бағалаймыз. Олардың жанқияр еңбегі мен батылдығы – кейінгі ұрпаққа үлгі» деп атап көрсетті. Радиоактивті сәуленің аса қауіпті зардаптары мыңдаған адамның өміріне үлкен қауіп төндірді. Бұл апат табиғатқа да, адамзатқа да орасан зиян келтірді. Осындай ауыр кезеңде өз өмірін қатерге тігіп, апаттың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі өлшеусіз. Сіздер уақытпен санаспай, қауіптен тайсалмай, адамзат алдындағы борыштарыңызды бәрінен жоғары қойдыңыздар. Бұл – шынайы патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Біздің ауданымыздан аталған апатты жоюға 43 азамат қатысса, бүгінгі күні олардың 12-сі ортамызда. Сіздердің ерліктеріңізді ұлықтау және оны жас ұрпақтың санасына сіңіру – аса маңызды міндет, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге арнайы төсбелгілер табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтсе, зардапты жоюға қатысқан ардагерлер ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: