Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әнші, артистер есірткіге тест тапсыруы қажет» — Ләйлә Сұлтанқызы

18.04.2026, 13:55 143

HALYQLINE.KZ

Әнші, артистер есірткіге тест тапсыруы қажет. Ел арасында көптен айтылып жүрген бұл бастаманы Астана қаласының мәслихат отырысында белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы көтерді. Бұл туралы «KTK» арнасы хабарлады.

Шетелдік тәжірибені мысалға келтірген ол, жастарға үлгі болатын өнер өкілдері қоғам талабына сай болуы керек деген пікірде.

«Жалпы ұсыныс ретінде, зайырлы мемлекеттерде мынадай тенденция бар. Танымал, біздің жеткіншектер көретін жұлдыздардың барлығын рұқсатсыз тексеруге байланысты. Егер сондайды елімізде жасайтын болса, қоғаммен көбірек жұмыс, ата-анамен жұмыс, танымал тұлғаларды тексеру, оның қанын алу арқылы анықтап, соңында өздері, енді оларды сыйлағаннан кейін, құрметтегеннен кейін, оларды тәртіптік жазаға тартқаннан кейін, қалған адамдар аяқ тартады деген мәселемен жасалып жатыр. Біз де сондай әдісті көрсек», — дейді Астана қаласы мәслихатының депутаты Ләйлә Сұлтанқызы.

Мәслихат депутатының айтуынша, мұндай тәжірибе бірқатар зайырлы елде, соның ішінде Түркияда кеңінен қолданылады. Яғни ел алдында жүрген өнер адамдары медициналық тексеруден өтуге міндетті. Ал қан құрамынан есірткі ізі табылғандардың тізімі бүкіл елге жарияланады.

Жағымсыз әрекетімен жұрттың аузынан түспейтін біздің елдің сахна серкелеріне де осы заң қажет дейді депутат. Әнші, артистердің де біразы бұл бастаманы қолдап отыр.

«Есірткіге 100 пайыз, 200 пайызға дейін қарсымын. Тек өнер адамдары емес, бүкіл қазақстандықтарды тексерсе де қарсы емеспін. Тексерілуге де дайынмын. Бұл жерде мынадай нәрсе бар. Басқа бір дәрі немесе соған бір ұқсас нәрсені қолданып жүрген, басқа жеміс-жидектерден де табылады. Сондықтан соны да бақылау керек. Егер есірткі шекпейтін адам боп, оны тексерген кезде қан құрамынан есірткі шықса, оны есірткі шегеді екен деп, елге жариялап, оның өміріне балта шабуымыз мүмкін», — дейді әнші Асан Пердешов.

Дереккөз: КТК арнасы

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: