Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза аула» атты ауқымды экологиялық акция өтті

18.04.2026, 12:45 66

HALYQLINE.KZ

Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» атты ауқымды экологиялық акция өтті, деп жазады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірдегі барлық елді мекенде 147 аула тазартылды. Акцияға 12 266 адам қатысып, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Тазалық іс-шарасына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Аулалардың қоқысы жиналып, айналасы абаттандырылды және көгалдандырылды.

Жыл басынан бері тазалық іс-шараларында 46 934 ерікті, қоғам қайраткері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері белсенділік танытқан. 1067 тонна қоқыс қалдықы жиналып, 156 сквер мен парк, 225 тарихи-мәдени ескерткіш, 791 әлеуметтік, 407 өнеркәсіп және бизнес, 8 су нысаны, 843 көше бойы тазартылды. Оған 248 техника жұмылдырылды. Өңірдің климатына жерсінетін 27 450 түп қарағаш, терек, Сыр талы, т.б. көшет егілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде тазалық сақтау, елді мекендерді көркейту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Демеушілер мен бюджет қаражаты есебінен демалыс орындары, ойын және спорт алаңдары жаңартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жөнделді.

Қызылорда қаласындағы орталық алаң, мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері қайта жаңғыртылып, халық игілігіне берілді. Президент саябағы жаңадан қайта салынып, қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орнына айналып келеді.

Ауылдарда «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтіп, соңғы үш жылда 2 млрд теңгеден астам қаржыға алынған 67 арнайы техника табысталды.

Қалдықтарды басқару бағытында 98,7 млрд теңгенің 9 жобасы бар. Жаңақорғандағы сұрыптау кешені іске қосылуға дайын, ал Сырдария ауданында жаңа полигон пайдалануға берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: