Кеше Каспий теңізі аумағында үш рет жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл туралы «Курсив» басылымы хабарлады.
Әзербайжан сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер сілкіністері тәулік ішінде әртүрлі уақытта болған. Атап айтқанда, алғашқы дүмпу сағат 00:47-де, екіншісі 22:46-да, ал үшіншісі 23:45-те тіркелген.
Мамандардың дерегіне сәйкес, алғашқы екі жер сілкінісінің магнитудасы 3.2 баллды құраса, соңғы дүмпу 4.6 баллға жеткен. Жерасты қозғалыстарының тереңдігі шамамен 65 шақырым болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қандай да бір қирандылар туралы ақпарат тіркелмеген.
Айта кетейік, бұған дейін 8 сәуір күні де Каспий теңізі аумағында жер сілкінісі болған еді.
Фото: «Тіл кеспек жоқ» телеграм арнасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!