Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда тазалық жұмыстары қарқынды жүруде

11.04.2026, 20:05 40

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қоршаған ортаның тазалығы – әр азаматтың жауапкершілігі. Осы бағытта «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында киелі Қармақшыда аудан басшысының тапсырмасымен санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Бүгінгі сенбілікте қармақшылықтар ерекше белсенділік танытып, аудан орталығы мен барлық ауылдық округте ауқымды жұмыстар атқарылды. Бөлім, мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен еріктілер бірлесіп, белгіленген аумақтарды тазалап, туған жердің келбетін көркейтуге өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстары барысында көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, арықтар тазартылды. Ретсіз өскен арамшөптер жойылып, ағаштар әктеліп, абаттандыру іс-шаралары жүргізілді. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орынға шығарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: