Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде 3000 түп ағаш көшеті отырғызылды

23.03.2026, 20:05 58

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Наурызнама онкүндігі аясындағы 23 наурыз – Тазару күніне орай кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған игі іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсене қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.

Экологиялық акция барысында аудан ардагерлері, жастар және барша аудан тұрғындары Шиелі ауданындағы қасиетті «Оқшы ата» мазараты аумағында 3000 түптен астам ағаш көшеттерін отырғызды.

Аталған іс-шараға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков арнайы қатысып, тал отырғызу жұмыстарына белсене араласты. Акция барысында аудан басшысы жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, елімізде қабылданған жаңа Ата заң аясында жүзеге асып жатқан реформалар мен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы оң өзгерістер туралы айтып өтті. Аудан басшысы, өз сөзінде аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және мұндай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

Айта кету керек, акция аясында тек ағаш отырғызу ғана емес, сонымен қатар елді мекендердегі көшелер, саябақтар, қоғамдық орындар мен тарихи-мәдени нысандар аумақтары тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: