Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев Ғылым қорының жұмысын сынға алды

20.03.2026, 11:30 37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қоғамдастықпен кездесуде Ғылым қорының жұмысына сын айтты. Президент ғылымға бөлінетін қаржы көлемі артқанына қарамастан, оның нақты қайтарымы төмен болып отырғанын мәлімдеді. 

Ақорданың ресми мәліметінше, Президент үш мыңнан астам қолданбалы ғылыми жобаның тек 193-і ғана коммерцияландыруға лайық деп танылғанын, ал нарыққа бар-жоғы 29 жоба шыққанын айтты. Мемлекет басшысы мұны ғылым саласындағы жұмыстың тиімділігі төмен екенін көрсететін нақты көрсеткіш ретінде бағалады. 

– Ғылым қоры жаңа функциялар алды, инновацияны ынталандыруы керек еді. Бірақ іс жүзінде көбіне қызметті имитациялаумен айналысады. Өзімізді алдаудың не қажеті бар? Ғылым бар сияқты, бірақ нақты практикалық нәтиже жоқ, – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ғылымды қаржыландыруда қатаң тәртіп, нақты басымдық және тиімді бақылау болуы қажет. Ол Бас прокуратура профильді министрлік пен Ғылым қорында көптеген қаржылық заңбұзушылықтарды анықтағанын да атап өтті. Президент барлық ғылыми әзірлеме қолданбалы сипатқа ие болып, экономиканың нақты секторларына енгізілуі тиіс екенін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: