Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада құқықбұзушылық профилактикасын күшейту мәселелері қаралды

20.03.2026, 11:00 38

Қызылордада құқықбұзушылықтың алдын алу және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Polisia.kz жазуынша, Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Абдрамановтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы А.Құлмағанбетов баяндама жасап, «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы аясында көзделген негізгі талаптар мен міндеттерді таныстырды. Жиын барысында мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, құқықбұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ азаматтарды профилактикалық іс-шараларға кеңінен тарту мәселелері кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты одан әрі күшейту қажеттігі атап өтіліп, заң талаптарын тиімді іске асыру жолдары қарастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: