Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденнің республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінде әр жылдары жарияланған мақалалары топтастырылған «Мақалалар жинағы» оқырманға жол тартты.
Жинаққа автордың ел дамуы, экономика, руханият, қоғамдық сана, тарихи зерде мен ұлттық мүдде төңірегіндегі ойлы еңбектері енгізілген. Кітап атауының өзі оның мазмұнын айқындап тұр: бұл – уақыттың өзекті мәселелеріне үн қосқан, қоғамға ой салған, парасат биігінен жазылған мақалалардың топтамасы. Оразалы Сәбден – ғылым мен қоғамдық ой кеңістігінде өзіндік қолтаңбасы бар тұлға. Оның мақалаларында құрғақ пайымнан гөрі ел тағдырына деген жауапкершілік, ұлт болашағына деген алаң мен азаматтық ұстаным айқын сезіледі. Сол себепті бұл жинақ тек мақалалар топтамасы ғана емес, белгілі бір кезеңнің қоғамдық ой шежіресі, елдік мәселелерге қатысты авторлық көзқарастың көрінісі деуге болады.
Жинаққа енген дүниелердің құндылығы – онда қоғамды толғандырған мәселелерге жай сырттай баға берілмейді, терең талдау жасалып, нақты ұстаным айтылады. Автор бірде руханияттың өзегін сөз етсе, бірде ел басқару жүйесіндегі түйткілдерді қозғайды, енді бірде тарих пен таным мәселесіне тоқталады. Бұл тұрғыдан алғанда, жаңа кітап қалың оқырманға да, қоғамдық пікірге сергек қарайтын ортаға да ой салатын маңызды еңбек болмақ. Оразалы Сәбденнің бұл жинағы – баспасөзде жарық көрген мақалалардың жай ғана басын құраған басылым емес, ұлтқа қызмет еткен ойлардың бір арнаға тоғысқан көрінісі. Сондықтан аталған кітапты елдік мүдде, қоғамдық сана және рухани ізденіс мәселелеріне бейжай қарамайтын әр оқырманның назарын аударатын тағылымды еңбек деп бағалауға негіз бар.
Академиктің «Халық» газетінде жарияланған сұхбаттары мен мақалаларын оқимын десеңіз, бір тізбегін ұсынамыз.
- «Жалпы жүйе өзгермей тұр»
- «Сырдарияның тарихи картасын жасау керек»
- «Басты идея – рухты көтеру»
- «Өмірдің мәні неде?»
- «Тағдырлы қиын өткелден алып шығатын жол іздеу керек»
- «Мұнайдың қымбат кезінде де экономиканы жаңғырта алмадық»
- «Министр тек жоғарының айтқанын ғана орындап үйреніп қалған болса, нәтиже болмайды»
Коллаж: halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!