Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны белгілі болды

12.03.2026, 12:10 57

Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны жыл басынан бері 227 446 оқырманға жетті. Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар көрсеткіші 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралды.

Ұлттық электронды кітапхананы әлемнің әртүрлі елдеріндегі пайдаланушылар да қолданады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан мемлекеттерінен тіркелген оқырмандар бар.

Кітапхана қоры 64 тілдегі 84 664 құжатты құрайды. Оның ішінде түрлі бағыттағы кітаптар, мақалалар, газет-журналдар, диссертациялар, нота және аудио-видеолар мен архивтік құжаттар жинақталған.

ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапхана порталы.

Порталдың ерекшелігі – көру қабілеті бұзылған жандарға бейімделіп жасалуында. Кез келген пайдаланушы порталға тіркелусіз толық мәтінді құжаттармен таныса алады.

Фото ЖИ негізінде жасалған

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: