Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы өсуі мүмкін

10.03.2026, 11:25 25

Қазақстанда 2026 жылы тұрғын үй бағасының арзандауы екіталай. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі демографиялық өсім мен жастардың баспанаға деген сұранысы алдағы бірнеше жыл бойы жоғары деңгейде сақталады. Соған байланысты тұрғын үй нарығында сұраныс азаймай, бағаның төмендеуі қиын болады.

Спикердің сөзінше, 2000–2009 жылдары туған буын қазір еңбек нарығына белсенді кіріп, отбасы құра бастады. Ал жаңа отбасы құрылған кезде ең алдымен баспана мәселесі туындайды. Осы фактор тұрғын үйге деген тұрақты сұранысты қалыптастырып отыр. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, өткен жылы Қазақстанда 20,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгеніне қарамастан, пәтерлер толық сатылып жатыр. Бұл нарықтағы сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Қазіргі таңда тұрғын үй сатып алудың негізгі бөлігі ипотекалық бағдарламалар, тұрғын үй жинақ жүйесі және азаматтардың жеке қаражаты арқылы жүзеге асуда.

Сарапшылардың пікірінше, халық санының өсуі мен жаңа отбасылар санының артуы тұрғын үй нарығындағы белсенділікті алдағы жылдары да сақтап қалуы мүмкін.

Фото: Видеодан скрин

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: