Бала кезде талай рет тамашалаған кинода азамат соғысының осы екі батырының ақбоз атпен буркасы желмен желбіреп бара жатқанын талай рет көрдік. Бұндай бурканы патшалы Ресей армиясындағы кавалериясы, яғни атты әсері де киген болатын.
Тарихына көз жүгіртетін болсақ, тарихы тіпті әріде жатыр екен. Тарих атасы Геродот жазбасына қарағанда, осындай бурканы ежелгі грек малшылары да киген екен. Бірақ бурка Солтүстік Кавказ халқының ұлттық киіміне жатады. Солтүстік Кавказдың табиғаты таулы жер, негізгі шаруашылықтың бірі қой бағады. Қойшыларға қойдың сойылған терісінен тігілген бұл тон оларды суықтан қорғады, екіншіден, қой жайылып жатқанда тастың үстіне жайып тастап демалатын болған
Осы суықтан қорғайтын қасиеті үшін бұл бурка-тонын патша әсерінің жорыққа шығатын кавалериялық атты әскері киген. Атты әскер түнге қарай демалатын болса, жерге төсеп тастап, екінші жағымен жамылатын болған. Ал, кинодағыдай атпен шауып және қылыштасар кезде ыңғайлы болуы үшін беліндегі жібін шешіп жіберетін болған.
Бақытжан Абдуллаұлы,
тарихшы, журналист-дайджест
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!