Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иранның жаңа басшысы кім болуы мүмкін? Үш негізгі кандидат аталды

05.03.2026, 17:15 45

Ирандағы саяси ахуал ушығып тұрған шақта елдің болашақ басшысы кім болуы мүмкін деген мәселе халықаралық сарапшылар мен саясаткерлердің талқысына түсті. Әсіресе қазіргі қақтығыстар аясында Тегерандағы билік транзиті жөніндегі пікірталас күшейіп отыр. Бұл туралы Азаттық жазды.

Сарапшылардың айтуынша, Иранда жоғарғы билік – Жоғарғы көсем лауазымына бірнеше ықпалды тұлға үміткер болуы мүмкін. Негізгі үш кандидат жиі аталады.

Бірінші ықтимал кандидат – Моджтаба Хаменеи. Ол бұрынғы Жоғарғы көсем Әли Хаменейдің ұлы және елдегі ықпалды діни-саяси топтармен тығыз байланысы бар тұлға ретінде белгілі. Сарапшылардың пікірінше, ол билік элитасының қолдауына ие болуы мүмкін. 

Екінші ықтимал үміткер – Хасан Хомейни. Ол Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы аятолла Рухолла Хомейнидің немересі. Сарапшылар оны саяси тұрғыда салыстырмалы түрде қалыпты бағытты ұстанатын тұлға ретінде сипаттайды. 

Үшінші ықтимал кандидаттардың бірі ретінде Алиреза Арафи аталады. Ол діни білім беру жүйесінде ықпалды қызметтер атқарған және Иранның консервативтік діни элитасына жақын тұлға саналады. 

Айта кетейік, Иранда Жоғарғы көсемді 88 мүшеден тұратын Сарапшылар кеңесі (Assembly of Experts)сайлайды. Бұл орган елдегі ең жоғары діни-саяси лауазымға кандидаттарды қарап, соңғы шешімді қабылдайды. 

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі геосаяси жағдай мен Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс Ирандағы билік транзиті мәселесін одан әрі күрделендіруі мүмкін.

Коллаж: Азаттық

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: