Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көшелерді полицейлер қаптап, абыр-сабыр болды

28.02.2026, 12:10 34

28 ақпан күні Алматы қаласының полицейлері Торайғыров көшесінде чемодан табылғандығы туралы ақпаратқа байланысты арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме бере отырып, Бостандық ауданына патрульдік полиция мен шұғыл қызметтердің экипаждары дереу жіберілгенін атап өтті. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айналадағы аумақтар қоршауға алынды, көлік қозғалысы уақытша шектелді, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді қауіпсіз қашықтыққа шығару қамтамасыз етілді.

«Сапер мамандар оқиға орнына келгеннен кейін табылған затқа тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша оның айналаға қауіп төндірмейтіні анықталды, яғни ішінде жеке заттар болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері чемодан иесін анықтауда»- деп хабарлайды Алматы қалалық ПД.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: