Қолайсыз ауа райының әсерінен Қызылорда қаласының бірқатар аумақтарында электр энергиясы уақытша ажыратылды. Бұл туралы облыстық энергетика басқармасы хабарлады.
Қазіргі уақытта Комсомол, Титов, Гагарин, Шанхай, КБИ, ДЭУ, Стадион, теміржол вокзалы, Сәулет мөлтек аудандары, сондай-ақ Сабалақ, Талсуат елді мекендері мен Тасбөгет кентінде электр жарығы өшірілген.
Ведомство мәліметінше, қалыпқа келтіру жұмыстарына “Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы” АҚ-ның 18 шұғыл бригадасы мен 20 арнайы техникасы жұмылдырылған. Мамандар электр желілеріндегі ақауларды жою үшін үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.
Энергетика басқармасы өкілдерінің айтуынша, жарықты қалпына келтіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқталады деп жоспарланып отыр.
Фото: Қызылорда облысының энергетика басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!