Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында сала үздіктері құрмет төрінен көрінді.
Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы хабарлады.
Атап айтқанда, «Спорт жанашыры» номинациясымен – «Астана сервис» ЛТД ЖШС директоры Әбдіқалықов Мұса Жақыпұлы;
«Спорт жанашыры» номинациясымен – «Қор» компаниясының директоры Бердіқожин Аян Шыңғысұлы;
«Спорт жанашыры» номинациясымен – Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасының басшысы Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы марапатталды.
«Үздік спорт журналисі» номинациясымен – «Казахстанкая правда» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Байшуленов Әлібек Әбсәтұлы;
«Үздік спорт журналисі» номинациясымен – «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Жақанов Әділбек Серікұлы;
«Үздік спорт журналисі» номинациясымен – Облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Үмбет Әділжан Тұрсынбекұлы;
«Үздік телеарна» номинациясымен – Облыстық «Qyzylorda» телеарнасы марапатталды.
«Үздік спорт федерациясы» номинациясымен – Облыстық «Жеңіл атлетика» федерациясы марапатталды. Федерация президенті – Шаукенбаев Асхат Қасымұлы;
«Үздік спорт федерациясы» номинациясымен – Облыстық «Үстел теннисі» федерациясы марапатталады. Федерация президенті – Ералиев Абзал Жұмашұлы;
«Үздік спорт федерациясы» номинациясымен – Облыстық «Бокс» федерациясы марапатталады. Федерация президенті – Жүсіпов Досхан Болатұлы;
«Үздік спорт федерациясы» номинациясымен – Облыстық «Ауыр атлетика» федерациясы марапатталады. Федерация президенті – Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы;
«Үздік спорт федерациясы» номинациясымен – Облыстық «Дзюдо» федерациясы марапатталады. Федерация президенті – Мұстафа Садық Шоңмұрынұлы марапатталды.
Фото: Сыр спорты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!